Келес аудандық пробация қызметкерлерінің құрамы Мемлекет басшысының Жолдауын тікелей эфир арқылы тыңдады. Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйек айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты Келес аудандық пробация қызметтінің қызметкерлері тікелей көрсетілім арқылы арнайы тыңдады. Кезекті дәстүрлі Жолдау «Әділетті мемлекет. біртұтас ұлт. берекелі қоғам» деп аталады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолдауда жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы кеңінен айтты. «Қаңтар оқиғасына» баға беріп, саяси-құқықтық реформалар туралы айта келе, Президент Қазақстанда Конституциялық сот құруды ұсынды.
— Мемлекет басшысының Жолдауының мән-маңызы айрықша. Жолдауда көптеген мәселелер талқыланды. Биыл біз жаңа кезеңге қадам басқанымыз жайында атап өтті. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдануда. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болтынын атап өтті. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс. Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент жанындағы Омбудсмен тағайындалатынын атап өтті. Мемлекет экономикалық еркіндікті қолдайтынын тілге тиек етті. Бірақ, халықты нарық тұрақсыздығының ықпалынан барынша қорғайтынын айқындады. Шағын және орта бизнесті мейлінше дамытылатын айтты. Биылғы Жолдау бес бағдардан тұрады. Бірінші бағдар. жаңа экономикалық саясат, екінші бағдар. нақты секторды дамыту. үшінші бағдар. ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция. төртінші бағдар. мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту. бесінші бағдар. заң және тәртіп, – деді Келес аудандық пробация қызметтінің бастығы әділет майоры Нұрдәулет Әшірбаев.
Аудандық пробация қызметтінің ұжымы жолдауда жүктелген міндеттерді талқылап, Президент бастамаларын қолдайтындарын білдірді. Келес аудандық пробация қызметтінің бастығы әділет майоры Нұрдәулет Әшірбаев жолдауда көтерілген мәселелердің өте өзекті және бүгінгі қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.


