Пробация қызметкерлері есепке алынған сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы үшін, әртүрлі бағытта іс-шаралар ұйымдастырып отырады.
Соның бірі сотталғандарды жұмысқа орналастыру бағыты бойынша үздіксіз жұмыстар атқарылып келеді.
Осы орайда, Қызылорда қалалық пробация қызметі «Бақытты отбасы» орталығында өткен «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне» 23 сотталғанды қатыстырды.
Соның ішінде, жәрмеңкеге қатысқан сотталғандар арасынан шектеу жазасы бекітілген 3 сотталған азамат қалалық әлеуметтік орталығынан 2023 жылға берілген квотаға ие болды.
Алдағы уақыта бөлінген квота бойынша бұл үш сотталған азамат қолындағы жолдамалары арқылы тиісті кәсіпкерлердің қарамағына жұмысқа орналастырылады- деді , Қызылорда қалалық ПҚ- нің аға инспекторы,әділет капитаны С.Спанов


