12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Пробация есебіндегі сотталғандар кітапханадан рухани азық алды

Арал аудандық пробация қызметі пробация есебіндегі жастарды аудандық Абай атындағы орталық кітапханаға алып барды. Ондағы мақсаты — олардың бойында адами құндылықтарды қалыптастырып, кітап оқуға баулу, бос уақыттарын тиімді өткізуге түрткі болу.

Кітапхана қызметкері Г.Кулмашева сотталған азаматтарға кітапхана тарихы , кітапхана қорындағы кітаптармен таныстырып, Абай әлеміне саяхат жасап, кең көлемді кітап көрмесіне шолу жасады.

«Қазіргі күні кітапхана қорында 80 мыңға жуық кітап бар. Мұнда өзіңізге ұнайтын кез келген әлемдік әдебиет болсын, классикалық көркем туынды дейсіз бе немесе аудармалар, томдық кітаптар қызықтырса іздегеніңіз табылды, оқырман билетін аштырып, кітап алып оқуларыңызға болады. Кітап өзіңізді дамыту үшін керек»,-деді кітапхана қызметкері.

«Мен кітапханаға жиі барамын. Көбіне тарихи кітаптарды алып оқимын. Кітап оқу арқылы ой-өрісің дамиды, сөздік қорың молайады, есте сақтау қабылетін артады. Өзім сияқты жастарға кітапханаға жиі барыңыздар деп айтар едім. Бүгінгі шараны ұйымдастырған пробаця қызметкерлеріне алғысым шексіз»,-деді есептегі сотталған.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әділетті қоғамға бастар жол

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері...

Полиция басшылығы 500-ге тарта жеке қабылдау өткізіп, 1500-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойған

Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау шаралары жүйелі түрде, белгіленген кестеге...

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...