Пробация есебіндегі екі сотталған түзеу мекемесіне жіберілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қалалық пробация қызметінің есебінде 600-ге жуық азамат пробация бақылауында тұрады. Олардың арасында сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеуден жалтарып жүрген сотталғандар да кездеседі. Пробация инспекторларымен жүргізілген профилактикалық жұмыстардан нәтиже шығармаған сотталғандар сот қаулысымен түзеу мекемесіне жіберілуде.
Қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Н.Баймурзаевтың айтуынша екі сотталғанның бірі ұрлық бабымен,екіншісі алаяқтық бабымен сот үкімімен сотты болып,пробация есебіне алынған.Тіркеуге алынған соң бір ай ғана келген азамат,одан кейін тіркеуге де келмей жаза өтеуден жалтарып жүреді.Қылмыстық құқықбұзушылық жасаған,әкімшілік хаттамалар толтырылған.Бірнеше рет жазадан жалтарған сотталғанды бас бостандығынан айыру жазасына пробация қызметімен сотқа ұсыныс жолданған.Ал екінші әйел азаматша да сот жүктеген міндеттерді орындамай, кешкі мезгілде ойын-сауық орындарына барады.Бірнеше рет ұсақ -түйек бұзақылық жасап, полиция қызметкерлерімен әкімшілік хаттама толтырылады.Жүргізілген профилактикалық жұмыстардан еш нәтиже шығармаған азаматша қатысты да пробация қызметкерлерімен сотқа ұсыныс жолданады.Сотта пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып, сот қаулысымен екі сотталғанның жазаларының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыруға жазасына ауыстырылды.Сот қаулысы заңды күшіне еніп, екі сотталған түзеу мекемесіне жіберілді,- деді әділет майоры Нұрбол Баймурзаев.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...

В женской колонии области Абай отметили День национальной одежды

В женской колонии, подведомственной Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Ұлттық киім күні атап өтілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты әйелдер колониясында...

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...