Пробация есебіндегілерге әлеуметтік, құқықтық бағыттағы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Пробация қызметінің негізгі бағыты түзеу мекемелерінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.

Осы орайда, Жаңақорған аудандық пробация қызметкерлері есепке алынған сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы үшін, әртүрлі бағытта іс-шаралар ұйымдастырып отырады.

Сондай жұмыстардың бірі ретінде, сотталғандарды жұмысқа орналастыру бағыты бойынша үздіксіз жұмыстар атқарылып келеді.

Нақтырақ айтсақ, аталмыш пробация қызметкерлері 20 сотталғанды аудандық жұмыспен қамту орталығына апарып, арнайы мамандардың кеңесін тыңдатты.

Олар: аудандық әкімшіліктен, жұмыспен қамту орталығы мен кәсіпкерлікті дамыту бөлімінен келген мамандар болатын.

Бұл мамандар 10 сотталғанға әлеуметтік көмек көрсету бағытында 10 сотталғанға құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда Жаңақорған аудандық пробациясы қарамағында 49 азамат арнайы есепке алынған.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...