Бірнеше берілген ескертуге құлақ аспай, пробациялық бақылауға бағынбаған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Ырғыз аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған бас бостандығынан айырылды.
Бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғаны үшін 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының тұрғыны К. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Ырғыз аудандық пробация қызметіне есепке алынды. Есепке алынған күннен бастап, Пробация қызметкерлері сотталған К.-ге сот жүктеген міндеттерді орындамау және жаза өтеу тәртібін бұзу – бас бостандығынан айыруға апаратынын ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алайда ол, жаза өтеу талаптарын бұзып, яғни пробация қызметіне тiркелуге келмеген. Сонымен қатар, сот үкімімен тағайындалған 100 сағат мәжбүрлі еңбекке шықпаған. Мұнымен қоса, пробация қызметкерлерімен кешкi уақытта мекенжайын тексеру кезінде тұрғылықты мекен-жайында болмай, және әкімшілік құқық бұзушылықка жол бергендігі анықталады.
Сот белгілеген жаза өтеу тәртібін орындамай, пробация қызметінің бақылауынан жалтарып, заң талаптарын өрескел бұзғаны үшін Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық пробация қызметкерлері аталған пробация есебіндегі сотталған азаматтың жазасын «бас бостандығынан айыру» түріне ауыстыруға қатысты Ырғыз аудандық сотына жадығат жолдады. Тиiсiнше, сот пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырып, сотталған К-ның жазасының өтелмеген мерзімі, яғни 1 жыл 8 ай 25 күн мерзімін бас бостандығын айыру жазасына ауыстыруға қаулы шығарды.
Аталған Сот отырысына сабақ алу мақсатында, Ырғыз аудандық пробация қызметінің есебінің тұрған құқық бұзушылық жасауға бейім сотталғандар қатыстырылды.


