Пробациялық бақылаудағы азаматтың өтініші қанағаттандырылды

2023 жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) Зайсан аудандық пробация қызметі есебіне алынған азаматтың өтініші бойынша тұрақты жұмысқа орналастырылуына көмек көрсетілді. Ол ШҚО Зайсан аудандық сотының 28.12.2022 жылғы үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 1-бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген болатын.

Есепке алынған уақытта ол өзінің тұрақты жұмысы жоқ болуына байланысты көмек беруді өтінген еді. Аудандық пробация қызметінен Зайсан ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш жолданып, сол бойынша бұл азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелді.

Сондай-ақ бірлескен қызметтің нәтижесінде Зайсан ауданы әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Enbek Кz» сайтында көрсеткен жүргізуші лауызымына жұмысқа жолданып, тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Жалғас ОРЫМХАНОВ, Зайсан аудандық пробация қызметінің инспекторы,

әділет аға лейтенанты

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...