12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Полицейлер 643 мың үйді тесеріп, 11 000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысының учаскелік полиция инспекторлары аулаларды және пәтерлерді аралап, саяжай, жалдамалы пәтерлерді, шаруа қожалықтарын тексерді.

Сондай-ақ ІІО есебінде тұрған адамдарды, қолайсыз отбасыларды, азаматтық қару иелерін және көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді анықтау бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Яғни полицейлер 1 ай мерзім ішінде 643 мың үйді, сондай-ақ 1003 саяжай учаскесін және 3013 шаруа қожалықтары мен қыстақтарды тексеріп үлгерді. 118 пәтер мен жалға берілетін үйлерді аралап шықты. Нәтижесінде тұрғылықты мекен-жайы жоқ 13 адам анықталды, ал қабылдап-тарату орнына 12 адам жеткізілді.
Тұрғылықты жері бойынша ІІО-да есепте тұрған 980 адам, мінез-құлқына ерекше талаптар қойылған 496 адам, қорғаныс ұйғарымдары бар 343 адам, 828 қолайсыз отбасы және пробациялық бақылаудағы 1929 адам тексерілді.
Нәтижесінде полицейлер 11 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде қару сақтау ережелерін бұзудың 100-ден астам дерегі тіркелді және көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 6761 шетелдік жауапқа тартылды. Сондай-ақ 4300-ден астам басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.
Айта кетейік «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әділетті қоғамға бастар жол

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері...

Полиция басшылығы 500-ге тарта жеке қабылдау өткізіп, 1500-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойған

Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау шаралары жүйелі түрде, белгіленген кестеге...

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...