Полицейлер құжатсыз жүрген 65 жастағы ер адамға жеке куәлігін өз шаңырағында табыстады

Арыс аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне 65 жастағы ер азаматтың жұбайы келіп, осы уақытқа дейін жұбайының жеке басын анықтайтын төлқұжатын алмағанын хабарлайды. Осы орайда тәртіп сақшыларынан құжаттандыру жұмыстарын жүргізуге көмек сұрайды.
Тұрғынның өтініші бойынша Арыс АПБ-нің көші-қон қызметі тобының полицейлері жедел түрде іске кірісіп, жеке куәлігін жасау жұмыстарын жүргізді. Соңында тұрғынның өтініші қанағаттандырылып, жаңа құжат табысталды.
Тәртіп сақшыларының атқарған қызметіне көңілі толған М. Бибосынов

  • Мен, Арыс ауданында дүниеге келгенмін. Осы уақытқа дейін отбасылық жағдайыма байланысты төлқұжат ала алмадым. Арыстық көші-қон қызметі тобының полиция қызметкерлері маған көмек берді. Жеке куәлігімді алуыма себепкер болды. Осы үшін үлкен алғысымды білдіремін! — деді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...