12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша әскерилермен кездесу өткізді

Арыс аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Айжан Мырзахметова мен психологиялық сектор меңгерушісі Жазира Абылова, әскери қызметшілердің қатысуында ауқымы кең кездесу өткізді. Іс-шараға әскери салада қызмет етіп жүрген 500-ге тарта қызметкер қатысты.

Бұл кешенді кездесудің негізгі мақсаты — әскери бөлімдеріндегі әскери қызметшілері тарапынан отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста құқық бұзушылық деректерін болдырмау, алдын алу.

Осы ретте тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау кезіндегі жауапкершілікті күшейтуге бағытталған шаралар туралы ақпараттық дәріс өткізілді. Статистикалық мәліметтер, ресми ақпараттар мен бейнеролик, қолданыстағы заңнаманың талаптары толық түсіндірілді.

Кездесу кезінде қатысушылар өз ойларын ортаға салып, түрлі сұрақтармен пікір алмасты.

Сонымен қатар отбасындағы әкелердің қомқорлығы, отбасылық міндеттері жайлы негізгі мәселелер түрлі мысалдар келтіріле отырып баяндалды.

Түсіндірме жұмысы барысында ауыр қылмыстарға бейімділік танытпауға, кей сәттері туындаған кикілжіңдерге түсіністікпен қарап, зорлық зомбылыққа дейін жеткізетін мәжбүрлікке бармауға кеңестер берілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Тағы 4 қатысушы Түркі елдерінің тау курорттары одағына қосыла алады.

2025 жылғы 11-13 шілде аралығында Шахдаг (Әзірбайжан) туристік орталығында...

Форма управления в виде простого товарищества упраздняется

Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений...