Полицейлер мектепке жұмысқа орналастырамын деп алаяқтық жасаған тұрғынды анықтады

Түркістан қалалық полиция басқармасына Сауран ауданының тұрғыны арызданды. Ер адамның айтуынша, өзіне жақын таныс емес біреу, жұбайын мектепке жұмысқа орналастыруға уәде еткен. Сенімге кірген әйел, жәбірленушіден жарты миллион теңгеден астам ақша алған. 
Алайда қаражатты алғаннан кейін, алаяқ уәдесін орындамаған. Ал алданған ауыл тұрғыны полицияға хабарласып, барлық жағдайды анықтау үшін көмек сұрады.   Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеді. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, түркістандық учаскелік полиция инспекторлары күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары сезіктіні полиция басқармасына жеткізді.
Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...