Арыс аудандық полиция бөлімінің жедел-криминалистика тобының қызметкерлері қыс ауасында жалғызбасты ананың отын-суын әперіп, игі іс жасады. Яғни өздерінің қаражаттарын жинақтап, бірауыздан ауызбіршілік танытқан тәртіп сақшылары, Арыс қаласында тұратын 5 ұл-қызы бар анаға күнделікті тұтынатын азық-түлікпен қоса, көмір-отынын апарды. Одан бөлек көпбалалы тұрғынға қаржылай қолдау көрсетті.
Өз кезегінде жалғызбасты ана А.Баймұратова полицейлерге үлкен рақметін айта отырып:
«Сіздерге отбасымның атынан ризашылығымды білдіремін. Жұмыстарыңыз алға баса берсін. Қашанда осылай халыққа жанашыр болып жүре беріңіздер!»-деп, ақжарма тілегін жаудырды.
Қоғамдағы осындай тұрмысы төмен отбасылар мен көпбалалы, жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдан келгенше көмек беру полицейлердің әдетіне айналған. Қиын да қауіпті салада қызмет ететін полицейлер, қиналғанның қорғаны болуға қашанда уақыт табуға тырысады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі