Петропавлдық кәсіпкерлер депутаттармен бағаның өсу мәселесін талқылады

Петропавл, 3 шілде. Мәжіліс  депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Ержан Бейсенбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «CТ Assembly» ЖШС және «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС ұжымымен кездесті.

CLAAS комбайндарын шығаратын «CT Assembly» кәсіпорнындағы еңбек ұжымында Ержан Бейсенбаев  инфляцияны тежеу және бағаны мемлекеттік реттеу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметтері үшін төлемдердің дұрыс есептелмеуі сияқты  өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Ал Петропавл электротехникалық зауытында кәсіпорынды одан әрі дамыту мәселелері  талқыланды. Қызметкерлер депутаттарға отандық өнеркәсіпті қолдауды күшейту туралы өтініштерін айтты.

Депутаттардың өңірлер бойынша сапарлары жалғасуда.

(«Ақ жол» партиясының ақпараты бойынша)

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...