12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Оңалту рәсімі туралы не білеміз?

Оңалту рәсiмi – борышкерге оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шаралар бойынша сот тәртібімен қолданылатын рәсiм.

Аталған рәсім ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңымен реттеледі. Борышкерге оңалту рәсімін қолданудың негізі оның уақытша төлем қабілетсіздігі болып табылады. Егер борышкер кредиторлар алдындағы

— өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы;

— алимент өндіріп алу;

— төлеу бойынша міндеттемелер;

— еңбек келісімшарттары бойынша өтемақы төлеу;

— МӘСҚ-на әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті төлеу;

— МӘМС бойынша аударымдар немесе жарналар;

— өнертабыстары, пайдалы модельдері, өнеркәсіптік үлгілері үшін

авторларға сыйақы төлеу туралы міндеттемелерін орындау мерзімі басталған күннен бастап үш ай ішінде, сонымен қатар, оңалту басқа кредиторлар алдындағы міндеттемелерді олардың мерзімі басталған күннен бастап 4 ай ішінде орындамаса борышкер немесе кредитор оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне  құқылы.

Егер сотта борышкерге қатысты банкроттық туралы азаматтық іс қозғалса, онда осы істі қозғау туралы сот ұйғарымының көшірмесін алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті сотқа жіберуге де құқығы бар.

Сот оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiштi іс жүргiзуге қабылдау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап оңалту туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалды деп есептеледі.

Оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiш келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей сот іс қозғау туралы ұйғарым шығарады. Егер оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы сот шешімі немесе оңалту рәсімін тоқтату туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап екі жылға дейін берілген оңалту рәсімін қолдану туралы өтініш кері қайтарылуға жатады.

Іс қозғау туралы сот ұйғарымының көшiрмелерін сот борышкерге, өтiнiш берушiге, уәкiлеттi органға, мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға және өзге де органдарға, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына, борышкер тұрған жердегі жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына және аумақтық әдiлет органына жіберіледі.

Сот істі қарау барысында оңалтуды қолдану немесе оңалтудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

Оңалту рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген сәттен бастап, борышкер кредиторлармен және оңалтуды басқарушымен бірге 3 ай ішінде оңалту жоспарын құруы керек.

Оңалту жоспары бекітілгеннен кейін борышкерді басқаруды несие берушілер жиналысында анықталған адам жүзеге асырады. Қарапайым коммерциялық мәмілелер шеңберінен тыс мүлікпен операциялар, оңалту жоспарында көзделгендерді қоспағанда, кредиторлар жиналысының келісімімен жасалады.

Борышкердің өтініші және заңды күшіне енген оңалту жоспарын бекіту туралы сот қаулысының көшірмесі негізінде борышкердің мүлкіне барлық шектеулер мен ауыртпалықтар (борышкердің шоттарын өндіріп алу туралы бұйрықтар, мүлікті қамауға алу және т.б.) оларды тағайындаған органдардың тиісті шешімдерінсіз жойылады.

Оңалту жоспарын іске асыру мерзімі бес жылдан аспауы керек.

Оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап келесі салдар туындайды:

— қарапайым коммерциялық мәмілелер шеңберінен тыс мүлікпен мәмілелер жасауға тыйым салынады;

— алынған несиелер мен шығарылған облигациялар бойынша сыйақы есептеу тоқтатылады;

— төлеу мерзімі оңалту рәсімін қолданғаннан кейін басталған, моральдық зиянның орнын толтыру туралы талаптарды есепке алмағанда, өмiріне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, өз мүлкіне қатысты қабылданған соттардың шешімдерін, төрелік шешімдерді, мемлекеттік кіріс органдарының, сондай-ақ борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға мүлкі меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшыларының (қатысушыларының) шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады.

Н.Еламанов

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...