Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №68 мемлекттік мекемесінің аға психологы сотталғандармен жұмыс барыснда әртүрлі әдісті қолданып отырады. Бұл жолы оқшауланған аймақтағы сотталған азаматтардың ішкі жан-дүние тыныштығын сақтау мен позитивті, қолдау көрсету мақсатында кітапхана терапиясын өткізді. Осы орайда, № Қалалық орталықтандырылған кітаптар жүйесінің № 1кітапхананың қызметкерлері арнайы шақыртылып,өздерімен бірге жылжымалы көрме әкелді.
Көрмедегі кітаптардың дерлігі класикалық шығармалар болды. Кітаптардың арасынан сотталғандарға ұнағаны А.Тасымбековтың «Жан дауысы», Н.Дулатбековтың «Алаш ардақтылары, Санкт-Петербург іздері» және баспасөз беттеріндегі «Біз не көрмедік?», «Жазықсыз жағылған жала», тақырыбындағы публицистикалық жанр болды.
Аға психолог Айзат Мырзалының айтуы бойынша: «Ауырған және қиналған адам қолына кітап алсын-әлемде онан асқан ем жоқ» дегендей, кітаптерапиясы сотталғандардыңжай-күйін қалыптастыру және оңтайландыру , олардың рухани дамуына ықпал ететін психологиялық терапияның бір түрі. Ең қызығы «кітап терапиясы» адам талғамайды.
Жалпы, оқу – күйзеліс пен санадағы әртүрлі жағымсыз ойлардан арылтатын ең тиімді тәсіл.
Ол депрессиямен күресуге көмектесіп, адамның шығармашылық қабілеті мен әлеуметтік бейімділіктерін жақсартады. Бүгінгі көрмеде сотталғандар өздерінің өмірлік мәселелеріне бағытталған әдебиетті таңдады. Көрмеге қойылған журналдарды ақтарып отырып, «Біз не көрмедік?», «Жазықсыз жағылған жала», деген тақырыптағы мақаланы таңдап,оқуға сұрап алдым. Бұл мақаладан ішкі жандүниемдегі сұрақтарыма жауап табатындаймын- деді С. есімді сотталған. Ия, кітаптерапиясы — адамның психологиялық күйін жақсарту үшін жүйелі оқуды пайдалануға негізделген психотерапия формасы.
Сондықтанда, шара соңында мекеме психологы кітапханашылармен бірлесе отырып, болашаққа көз жүгіртіп, жазасын өтеушілермен қандай жеке жұмыстр жасауға, қандай әдебиеттерді ұсынуға болатындығы жайлы және алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар бойынша ақылдасып,ортақ шешім қабылдады.


