12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Отбасы – өмір аясы

«Отбасы – ел тірегі», деген сөздің мағынасы мен маңызы өте тереңде. Әлем бірлігі мен тыныштығының негізгі кепілі отбасының берекесінде екендігін тағы да айтудамыз. Оған себеп, жастардың тұлға болып қалыптасуына отбасының тигізер ықпалы аса зор. Білімді азаматтардың бәрі де «дұрыс» отбасында тәрбиеленген және сол арқылы өзінің де өмірін баянды еткен. Сондықтан да қазіргі таңда ұрпақтың кемел болашағы үшін отбасылардың тұрақтылығы мен татулығы бірінші орында. Осыған орай Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты Түркістан қалалық пробациясында тіркеуде тұрған он сотталған Түркістан қалас «Жеңіс» саябағының Белсенді ұзақ өмір орталығында «Отбасы өмір аясында» бағдарламасы аясында және «Халықаралық отбасы күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Отбасы – өмір аясы» атты мерекелік шара өткізді.

Аталған шара қалалық Жастар ресурстық орталығымен бірлесчіп өткізілді. Бұл игі шараға пробация есебінде тұрған сотталған жастарды ертіп келудегі басты мақсатымыз, олар қоғамға бейімделіп, қателікке бой алдырмаса екен деген сенімдеміз. Оның барысында әр отбасыға жеке назар салу арқылы олардың бір-біріне деген қамқорлығын күшейтіп, бала бақытының негізгі факторларына көңіл бөлінді. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген мақалға сәйкес балалар мен ата-аналар жұмыла жұмыс істеп, үлкен қуанышқа ие болды. Жылына бір рет аталып өтетін осындай мерекелердің болуы арқылы барша халық өз отбасыларына аса назар аударса екен деген тілегіміз бар. Сондықтан жанұядағы барлық іс-әрекет тікелей ертеңгі қоғамның көрінісі екендігін насихаттаймыз, — деді Түркістан қалалық пробация қызметінің инспекторы әділет лейтенанты Арсланбек Бесенеев.

Соған орай орталықтың ұйымдастырған шарасы барысында арнайы ойындар ойнатылды. Осындай мерекеге барлық отбасылар атсалысып өздерінің мейірімін балаларына беретін болса, ол біз үшін үлкен жеңіс. Өйткені, баланың есінде тек көрген ізгі істер ғана қалады. Себебі, бұл кездесуде баланың, ананың және әкенің орны айқындалып жанұядағы бақыт туралы көптеген мәліметтер таныстырылды. Мерекелік шараға қатысқан барлық отбасы мүшелері үлкен рухани азық алып, естелікке суретке түсті. Соңында әр отбасы Алғыс хатпен марапатталды.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...