Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы, алтын бесігі ғана емес, ол – шағын мемлекет. Оның өз заңы, өз қағидалары болады. «Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» демекші Ішкі істер саласында әке жолын жалғап, өмірлік жарын да осы салада кездестірген- Маржан Серікқызы, қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД №73 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің есеп бойынша аға технигі лауазымында қызмет атқарып келеді. Маржанның туған әпкесі де Балжан Серікқызы бүгінде ПҚБ қызметкері әділет капитаны.
«Бала күннен форма киген әкемізді көріп, бізде оның жолын қуып, полиция қызметкері болғымыз келді. Қазіргі таңда сол бала күнгі арманымыз орындалды. Осындай жауапты да қиын қызметке келуімізге әкеммен, біздің табандылық әрі қайсар мінезіміз себепкер болды дейді»-Маржан Серікқызы. Әкесі де қызметіне адалдығын танытып, көп ғұмырын ішкі істер саласына арнап, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінде 25 жылдан астам қызмет етіп, «әділет майоры» шенімен зейнетке шыққан.
Бүгінде Маржан Серікқызы-отбасы, ошақ қасы мен бала тәрбиесін, жауапты қызметін қатар алып, 1 ұл 1 қыз өсіріп отырған аяулы жар, ардақты ана. Қызметтік жолда қанаттары талмай, әке жолын қуып, қажырлы еңбектің берекесін көріп келе жатқан осы қыздарымызға табысты еңбек, абыройлы қызмет тілейміз!


