Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №72 мекемесінде 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Жеңіс күні мерекелерінің құрметіне мерекелік іс-шара өтті. Азаматтардың өз елі үшін ерекше мақтаныш сезімін қалыптастыруға, патриотизмді, моральдық рухты және Отанға қызмет етуге мекеменің жеке құрам арасында мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеріп, Қазақстан Республикасының әнұранын орындап, патриоттық сап түзеу өтті. Мекеме бастығының бұйрығымен қызметте жақсы нәтижеге қол жеткізіп, өз міндеттерін адал атқарған қызметкерлер алғыс хатпен марапатталды. Сондай–ақ, мекемедегі бірқатар жас қызметкерлерінің ант қабылдау рәсімі болып өтті.
«Ант берген сәттен бастап әрбір қызметкерге қазақстандықтардың бейбіт өмірін сақтау жауапкершілігі жүктеледі. Елдің қорғаушысы болу, Отан алдындағы борышын орындау және өмірін Отанға қызмет етуге арнау ауыртпалық емес, бұл – үлкен құрмет. Әрбір қызметкерді мерекемен құттықтаймын!», — деді мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Бауыржан Есентайұлы Каласов. Осы салтанатты іс-шара аяқталғаннан кейін мекеменің нәзік жандарынан естелік сыйлық табысталды.
Кадр саясаты бөлімінің бастығы
әділет майоры Л.Алимбекова