Отан -отбасынан басталады!

Ғасырлар бойы халқымыз «Отан отбасынан басталады» деген ұғымның тамырын тереңдетіп, ұрпағының ұлттық тәрбие мен рухани құндылықты бойына сіңіріп өсуіне ерекше мән берген. Өйткені, мәртебесі биік, мұраты асқақ мемлекет қашанда берекелі отбасынан құралады. Мейірім мен жанашырлық, татулық пен түсіністік орнаған шаңырақта ел дегенде елгезектік танытатын, рухы мықты ұрпақ өсіп-жетіледі. Бастысы, мұндай отбасылар бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастырады.
Бүгін Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №3 мекемесінің режим бөлімінің жаңа қызметкерінің шаңырағына барды. Әділет аға сержанты Кикбаев Жұмабай өзінің қызметін 2013 жылы ТЖД- дан бастаған. Қазіргі таңда режим бөлімі тексеру тобының бақылаушысы лауазымында қызмет атқарады, бұл мекеме аумағына тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу үшін үлкен жауапкершілік екенін біліп, қызыметін адал атқаратын қызметкер. Еліміздегі әрбір отбасы – қоғамның айнасы. Отбасы – әрбіріміз үшін қадірлі ұғым. Дегенмен, шаңырақтың беріктігі – үлкендердің үлгі-өнегесі, өзара сыйластық пен қамқорлыққа байланысты. Келер ұрпақтың көкейінде күмән, көңілінде түйткіл болмауы үшін, бүгінгі буын масыл емес, асыл болып қалыптассын десек, өнегелі отбасын құруға, сақтауға және үлгі етуге әрбіріміз мүдделі болайық деп режим бөлімінің бастығы әділет майоры Максат Шакерұлы Баймулдинов атап өтті.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....