Оралдағы дәмханада болған жарылыс: ғимаратты жалдаушы ұсталды

БҚО прокуратурасы газ жарылып, үш адам қаза тапқан дәмхана ғимаратын жалдаушы ұсталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Мой ГОРОД» сайтына сілтеме жасап. 

БҚО облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі облыстың ТЖ департаменті Rizyq кафесінде өрт және адам өлімі фактісі бойынша ҚК-нің 292-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлады.

«Осы қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікті ұсталып, 6 қаңтарда уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы қажетті сараптамаларды тағайындады. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, 4 қаңтарда Оралдағы дәмханада жарылыс болып, үш адам қаза тапқаны хабарланған болатын. ТЖД күшімен қираған құрылымдардың астынан 6 адам табылып, құтқарылды, оның 5-і медициналық мекемелерге жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатқызудан бас тартты.

ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері, барлығы 190 адам және 50-ден астам техника жұмылдырылған. Оқиға орнында зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстарына психологиялық көмек көрсетілген болатын.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...