12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Онлайн сот отырыстарының саны артқан

Сот залдары түгелдей бейне-дыбыс жазу құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Сот отырысының тараптарына бұрын сот процесіне жеке қатысу талап етілсе, қазір сот оны жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып қашықтықтан қатыстыра алады. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексінің 133-3-бабына сәйкес, іске қатысатын адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар сот отырысына өздері мәлімдеген өтінішхат бойынша немесе соттың бастамасы бойынша техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы қатыса алады. Сот отырысына қатысу үшін пайдаланылатын техникалық байланыс құралдары төрағалық етушінің іске қатысатын адамның жеке басын анықтау, сондай-ақ өкілдің өкілеттіктерін тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл әсіресе қолайсыз ауа-райы жағдайында немесе тараптардың бірі басқа қалада, алыс жерде шалғай аймақта, басқа елді мекенде тұратын кезде немесе жұмыста болған уақытта кеңседен шықпай-ақ, сонымен қатар жолға шығын жұмсамай уақытыңызды үнемдеп үйде отырып қатысуға мүмкіндік береді.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2023 жылдың 9 айында 715 азаматтық  іс түсіп,  оның ішінде 398-іс онлайн тәртіпте қаралған. Сот кабинеті арқылы 633 талап қою түскен.

Сот отырысына қатысушылардың арасында ең көп таралған желі мессенджер «WhatsApp» болып табылады, бұл ұялы байланыс иелерінің көпшілігіне ыңғайлы әрі тиімді болғандықтан қатысушының қайда орналасқанына қарамастан кез-келген жерде шектеусіз пайдаланылады

Сот отырысына қашықтықтан қатысу азаматтардың уақыты мен шығынын үнемдеуде.

Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану тәртібі, оларға қойылатын талаптар заңдармен, ережелермен айқындалған.

                                                                                           Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

соты әкімшісінің бас маманы — сот отырысының хатшысы

Майра Оразғали

 



Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...