Олардың түсіне ұзақ уақыт бойы жау мергенінің жарық сәулесі кіретін

Семейде қауіпсіздік мекемесінің жеке құрамы тәжік-ауған соғысының ардагерлерімен кездесті. Іс-шара Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында арнайы ұйымдастырылды. Кездесуге Хорок, Калай-Хумб отрядындағы қақтығыстарға  қатысушы Рысқали Нұрымбекұлы Балтабаев Әділханов Саят Тлеубекұлы, Садыков Айтқали Камановичтер келді.  Ардагерлер соғыс кезіндегі гуманитарлық көмектің өзі жау атқыштарының жолдарды бөгеуі себебінен аш қалған тажік халқының бейнеті мен қанкешті қақтығыстар туралы әңгімелеп берді.

«Сіздер білесіздер, қазақстандықтар ешқашан өздерінің жақын көршілерін, жолдастарын қиыншылықта қалдырған емес. Егер моджахедтер белгілі бір аймақтарда билікті басып алса, не болатынын елестету қорқынышты. Тәжікстан астанасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу құрметіне Душаное қаласында монумент салынды. Бұл мойындаудың белгісі. Қазір Украинада соғыс болып жатыр. Мен соғыста болдым, оның не екенін өз көзіммен көрдім. Ол сұмдықты енді ешкім көрмесе екен дейдім. Ол айтып жеткізуге келмейтін ауыр дүние.» -осы сөздермен ардагер Рысқали Балтабаев сөзін аяқталды.

«Өз әскери борышын өмір бағасымен орындаған, әскери антына адал болып қалған және олар қорғағандардың жадында мәңгі қалатын қазақстандық жауынгерлердің кездесуі  жас қызметкерлер үшін ағартушылық үлгі болды. Өйткені, идеологиялық тәрбие -жеке құраммен жұмыс істеудің негізгі бағыттарының бірі«, — дейді бастықтың орынбасары Ерсін Ахметжанов.  

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...