Неке шартын жасау әуреден құтқарады

Қазір ажырасуға арыз жазатындар көп. Неке бұзуға тілек білдірген ерлі-зайыптылардың айтатын себебі әртүрлі. Бірі мінезінің үйлеспегенін алға тартса, енді бірі тұрмыстық қиындыққа шыдамайтынын, тағы бірі ерінің зорлық-зомбылық көрсететінін, арақ не нашаға үйір екенін, бар тапқанын құмар ойындарға жіберетінін көрсетіп жатады.

Ата-анасының ықпалына шыдамағандар, ерінің өзге біреуге көз салғаны намысына тигендер де ажырасуға бел байлайтынын көріп жүрміз. Өмір болған соң араларында бала болмаған соң ортақ шешімге келіп ажырасатындар да бар. Қалай болғанда да, ажырасудың салдары ауыр. Ал егер алдын ала неке шарты жасалмаса, ерлі- зайыптылар арасындағы мүлікті бөлу де оңайға соқпайтынын ескергеніміз жөн. Мұндай қиындықпен бетпе-бет келмес үшін азаматтар шаңырақ
көтерерде міндетті түрде неке шартын жасағаны абзал.
Қазакстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында неке шартына отыру мүмкіндігі 1993 жылдың қазан айынан бастап қарастырылған. Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 40, 41-баптары негізінде әрбір ерлі-зайыпты неке
шартын жасауға құқылы.

Неке шарты дегеніміз – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі- зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім. Неке шартын жазбаша нұсқада жасаған соң оны міндетті түрде нотариуста куаландыру керек. Мұндай шартты ерлі-зайыптылар өз қалауымен, ерікті түрде жасайды. Ерлi-зайыптылар  өз мүлкiне   бiрлескен, үлестiк немесе бөлек меншiк режімiн белгiлеуге немесе оларды жекелеген мүлік түрлеріне қатысты үлестіруге құқылы. Шартта ескерілмеген мүлік жалпыға бірдей белгіленген заңды режімге бағынады.  Бұл ретте неке шартында көзделген құқықтар мен
мiндеттер белгiлi бiр мерзiмдермен шектелуi не белгiлi бiр жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкiн екенін есепке алу қажет.

Неке шартын жасау екі жаққа да тиімді. Мұндай шарт жанжалды болдырмайды, өйткені мүлікті талап ету жолдары шартта көрсетіледі. Адам алдағы өмірін болжай алмағанмен, неке шарты тағдырдың соққысын жеңілдетуге себебін тигізеді.
Т.Жұмамұратов,
Алматы қаласы
Медеу аудандық сотының судьясы

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...