Жыл сайын 1957 жылдың 14 маусымынан бастап қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері –жасақ бастықтары өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді, олардың міндеттеріне сотталғандарды түзету, оқыту, қайта әлеуметтенуге және қоғамдағы өмірге сәтті оралуға дайындау кіреді.
Жасақ бастығының кәсібі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі ең маңызды мамандықтардың бірі болып табылады және тек құқық саласында ғана емес, сонымен қатар психология, әлеуметтану және педагогика салалары бойынша да кең білімді қажет етеді. Жасақ бастықтары сотталғандардың заңдарды сақтауға, еңбек етуге және қоғамдық пайдалы қызметпен айналысуға, білім алу және мәдени деңгейін арттыруға, оңалту бағдарламаларына қатысуға ұмтылысын қалыптастыруға тікелей бағытталған жұмысты жүзеге асырады. Жасақ буындарында спорттық және мәдени – бұқаралық іс-шараларды өткізу, сотталғандардың бос уақытын ұйымдастыру да жасақ бастықтарына жүктелген.
Осылайша, 14 маусымда № 66 мекеменің тәрбие бөлімі әділет аға лейтенанты Бахтияр Ногурбековті кәсіби мерекемен құттықтап, мансаптық өсу, шығармашылық жетістіктер мен қызметте табыс тіледі.
№ 66 мекеменің арнайы контингенті арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімі барлық әріптестерін жасақ бастығы күнімен құттықтайды.


