Ақпан айының 9-ы күні ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың туылған күніне орай Алматы қаласы №11 мекеме аумағындағы №3 ЖББМ КММ «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр!» атты жазалы жасөспірмдер арасында жыр сайысы болып өтті.Жыр сайсы шарттарына байланысты (қазақ, орыс,ағылшын) тілінде оқушылар ақын өлеңдерінің сөзіне жазылған әндер орындап,өлеңдері мен поэмаларын мәнерлеп жатқа оқыды.
Іс-шараға мекеме бастығының жедел жұмыс, режим және күзет жұмыстары жөнідегі орынбасары әділет майоры Машимбаев Дәурен Нурланович қатысты. Отбасыларынан, жандарына жақын жандардан жырақта жүрген жазалы жасөспрімдер ақынның жырларынан сая тауып, көңілдеріне медеу,күйлеріне демеу тапқандарын дәлелдей білді. Сайысқа бар ынта-жігерлерін сала дайындалғандары көрініп-ақ тұр, шын ниеттерімен,ықластармен орындаған жасөспірмдердің еңбектері еленді.
№3 ЖББМ КММ директорының орынбасары Алиева Айзада Абдимадиевна қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, мақатау қағаздарын табыстады. Оқушылардың өнеріне жеке-жеке тоқталып өз бағасын берді, алғыс білдірді.Сонымен қатар Мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Машимбаев Дәурен Нурланович те пікірін білдіріп,өнерлері өре озған оқушыларға алғыс хаттарын табыс етті.
Осындай шараларды жиі өткізіп, жазалы жасөспірімдерді қоғамға оң көзқарастарын қалыптастыру мекеме қызметкерлерінің жоспарларының негізгі болып табылады.
№11 мекеме Еркегүл Жеңісхан