12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мұраға байланысты дауларды қарау тәртібі

Азаматтық істерде жиі қаралатын даулардың бірі – мұрагерлікпен байланысты. Еліміздегі Азаматтық кодекстің 1072-1-бабына сәйкес, мұраны қабылдаудың екі дербес тәсілі қарастырылған. Оның біріншісі – нотариус арқылы. Яғни, АК-нің 1072-1-баптың 1-бөліміне сәйкес, мұраны ашу орны бойынша нотариусқа мұраны қабылдау туралы өтініш немесе мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтініш беру арқылы жасалады. Ал екіншісі мұраның іс жүзінде қабылданғанын куәландыратын іс-әрекеттер арқылы көрініс табады.

Мұраны қабылдау нотариустың көмегімен рәсімделеді. Егер куәландырылған құжатқа күмән туындаса, құжат талапқа сай жасалмаса тараптар нотариус әрекетіне сот арқылы шағым келтіре алады. Мұраны қабылдау фактісін анықтау туралы өтініште мынадай деректер болуға тиіс:

— мұраны нақты қабылдау жағдайлары;

— Мұрагер қандай мүлікті, қай уақытта және қандай жолмен қабылдады;

— ізделетін фактіні нотариаттық тәртіппен анықтау мүмкін еместігінің  себептері, қажетті жазбаша дәлелдемелердің болмауы;

Бұл фактіні анықтау мұрагерлік құқығы туралы куәлік алуда маңызды. Ең бастысы, мұрагерлікке өтініштің қарар бөлігінде қажетті заңды факт нақты тұжырымдалуы тиіс. Атап айтқанда: кімнің өлімінен кейін және мұраны кім қабылдайтыны нақтылануы тиіс.

Мұраны қабылдау фактісін анықтауда сот талқылауына дайындық кезеңі ерекше маңызға ие. Істі дұрыс қарау мақсатында дайындық кезеңінде бірқатар жазбаша дәлелдемелерді талап ету қажет. Соның ішінде сот мұра ашылған жер бойынша нотариустан «азамат қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік іс басталды ма?», «азамат қайтыс болғаннан кейін алты ай ішінде кім мұраны қабылдау немесе мұрадан бас тарту туралы өтініш берді?», «нотариус мұрагер ретінде қарастырмаған басқа адамдардан өтініш түсті ме?», «мұрагерлікке шақырылған басқа адамдар туралы мәліметтер бар ма?», «нотариус қандай әрекеттер жасады?» деген сауалдарға жауап алады. Бұл сауалдарға толық жауап болған кезде сотта дау туындамайды.

Қолданыстағы азаматтық заңнамаға сай, сот талқылауы барысында соттар өтініш берушінің нақты қандай мүлікке иелік еткенін және бұл әрекеттер мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін алты ай ішінде жасалғанын анықтауы керек. Аталған әрекеттерді жасау қажеттілігі Жоғарғы Соттың 2009 жылғы 29 маусымдағы №5 қаулысында дәйектелген.  

Сондай-ақ мұрагерлер мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алса, сот мерзімді келесі талаптар бойынша қалпына келтіреді:

  • мерзімі дәлелді себеп бойынша өткен, мысалы ауруына байланысты;
  • мұрагер сотқа дәлелді себептердің әрекет етуі тоқтағаннан кейін жарты жыл ішінде жүгінсе мұрагерлік қабылданды деп танылады.

М.Джанабаев

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...