12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мүмкіндіктер мекені қара шаңырақ — ҚазҰУ

Алатау бөктеріндегі әсем қала Алматыға арман қуып, білім іздеп  келген жастарға кеңінен құшағын жайып қарсы алатын қара шаңырақ  –ҚазҰУ. Талай қазақ баласына өмірлік азық болатын білім қорын беріп, төрткүл дүниемен теңдесе алатындай бәсекеге қабілетті мамандар даярлап  шығаруда еліміздің ең үздік оқу орны. Әлемдік стандартқа сай үш тілде білім беретін оқу орны мемлекетке қажетті барлық салалар бойынша кәсіби  біліктілігі жоғары мамандар даярлайды.

Қазақ ұлттық университетінің дамуына Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы да өзіндік үлесін қосты. Кафедра дайындайтын мамандықтардың оқу бағдарламалары жоғарғы білім беру сапасын арттырып,білікті мамандар санын көбейтуде. Факультет миссиясы-қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін,құқықтану саласында кәсіби құзыреттілікке ие, көзқарастар мен құндылықтарға сай жаңа буындағы заң кадрларын қалыптастыру,мықты маман дайындау. Білім беру бағдарламалары бойынша маман даярлау жоғары білікті профессорлар мен оқытушылар арқылы жүзеге асырылады. Факультетте студенттердің шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін барлық жағдай жасалған. Кафедраларда студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Факультет студенттері жыл сайын университетте өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларға, сондай-ақ республикалық және аймақтық конференцияларға, олимпиадаларға, конкурстарға белсенді қатысады.

Заң факультетінің дамуының барлық кезеңдерінде оның қызметі Қазақстанның қоғамдық өмірімен, еліміздің экономикасының қажеттілігімен, құқық саласындағы жоғары білікті ғылыми, тәжірибелі кадрлармен қанағаттандыруымен тығыз байланыста болғанын айта кеткен жөн. Заң ғылымы, құқықтану, заң ілімі – құқықты әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі ретінде зерделейтін және құқықты қолдану қызметінің алуан түрлі қырларын зерттейтін қоғамдық ғылым.   Факультеттің миссиясы әрі мақсаты – мемлекеттік-құқықтық мәселелерді шешуге қабілетті, біліктілігі жоғары заң саласына маман даярлау,еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру. Университетте білім беру ісі реформаға сәйкес,оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің ашықтығы, білім алушылардың академиялық біліктілігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚАЗҰУ-дың білім реформаларына сәйкес өзгерістер енгізіп,шетелдік университеттермен тығыз қарым-қатынаста болуы нағыз маман тәрбиелеу жолына салынған  үлкен күш деп санаймын.

Білім, ғылым және инновацияларды үйлестіретін классикалық көпсалалы университет бола отырып, ҚазҰУ еліміздегі ғылыми жобалар мен жарияланымдар саны бойынша көшбасшы болып саналады. Рейтингтік басылымдардағы әрбір бесінші қазақстандық жарияланым университетке тиесілі.    Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 37 мамандық бойынша бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университет құрамында 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк бар.     

Біздің университет жоғарғы білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап, Қазақ ұлттық университетінің даңқын әлемге одан әрі паш ететін азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеп жатқанына кәміл сенімдімін. ҚазҰУ түлектері әлемнің қыр-сырын ашып, елімізді жарқын да ашық болашаққа жетелейді деп нық сеніммен айта аламын. Білім мен ғылым салаларында алған кәсіби тәжірибелері негізінде әлі де әлемді таң қалдыратын талай жаңалықтар ашып, университетіміздің туын көкке жеткізеді деп санаймын.      

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстанның жетекші классикалық университеті мəртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы. ҚазҰУ-ды  еліміздің барлық жоғарғы білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университетіміз гуманитарлық, жаратылыстану жəне техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. ҚазҰУ білім алушы тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелдендіруіне қажетті жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салып, студенттік өзін-өзі басқаруға, көшбасшылық қасиеттерді тəрбиелеуге мол мүмкіндіктер тудыруда.

Апахаев Н.Ж

Бисенова М.К

Сапарова Т.

Организация работы в студенческом научном клубе кафедры

(на примере кафедры уголовного права, уголовного процесса и криминалистики...

Бейбітшілік — баға жетпес байлығымыз

Дана халқымыз «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел...

Бәсекеге қабілетті сапалы білім — ел дамуының негізі

Қазіргі әлем дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ғылым біздің...

ҚазҰУ — білім мен ғылымның қара шаңырағы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстандағы ең беделді оқу орындарының...

ҚазҰУ — жарқын болашақ кепілі

15 қаңтар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылған күні....