12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мүгедектігі бар, асыраушысынан айырылған адамдарға 484,3 млрд теңге төленді

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 431 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 53,3 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер төленген.

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 537 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша шамамен 176,1 мың адамды құрады.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

Сонымен қатар, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 8,5% — ға өсті, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап орташа есеппен 14,5% — ға қосымша арттырылды.

Мәселен, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жалпы аурулардан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін – 89 248 теңгені, 2-топ үшін – 71 398 теңгені, 3-топ үшін – 48 681 теңгені құрайды.

Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер төленеді. Мәселен, биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 97,5 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 62,4 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.

Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.

Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады, сондай-ақ 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің шешімімен олардың мөлшері 14,5% — ға ұлғайтылды.

1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 35 671 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша 36 800 теңгені құрады.

Салық кодексіне тағы да түзетулер енгізілуі мүмкін

Қазақстанда жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізілуі мүмкін. Бұл ақпаратты премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин растады.

Ақпанда инфляция 1,1% болды: Қандай тауарлар қымбаттады? 

2026 жылдың ақпан айында Қазақстанда инфляцияның айлық деңгейі 1,1%-ды құрады. Бұл туралы тұтыну бағалары индексінің соңғы деректері көрсетіп отыр. Бағаның өсуі негізінен азық-түлік өнімдері мен ақылы қызметтер есебінен қалыптасты.

Таяу Шығыстан мыңға жуық Қазақстан азаматы қайтарылды

4 наурызда Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары отырған ұшақтар ел әуежайларына қонды.

Алматы облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізіліп жатыр 

Вегетация және су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында "Қазсушар" РМК-ның "Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы" филиалы өз қарауындағы су шаруашылығы нысандарында жөндеу жұмыстарын жүргізді.

ƏЛЕМ НАЗАРЫ – ИРАНДА

Əлем елдерін алаңдатқан тағы бір соғыс өрті Иранда тұтанды. 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды əскери операция бастағанын мəлімдеді. Өкінішке орай зымырандар тек əскери нысандарға ғана емес, бейбіт халыққа да залалын тигізді. Иранның шамамен 20 қаласына, соның ішінде Тегеран, Исфахан, Құм, Шахрияр жəне Тебризге шабуыл жасалды.