12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мінсіз қызмет сенімді жоғарылатады


Сотқа деген сенімді тек судьялар емес, ондағы әрбір қызметкер өзінің
мінсіз қызметімен қалыптастыруға міндетті. Сот отырыстарының сапалы
ұйымдастырылуы хатшыларға тікелей байланысты болғандықтан, бұл ретте
оларға жүктелер жауапкершілік барлық уақытта жоғары.

Мысалы, іске қажетті құжаттарды рәсімдеу, процестің өтетін уақытын тараптарға
хабарлау, өз міндеттеріне кіретін сұрақтардың барлығына дұрыс жауап беру,
бір сөзбен айтқанда, сотқа қатысушылардың наразылығына қалмай,
керісінше жағымды пікірге ие болу хатшылар үшін оңай емес.
Жалпы алғанда сот отырысының хатшылары өз қызметтерінде
Конституцияда, Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі, Мемлекеттік
қызмет, Еңбек туралы заңдарда, сондай-ақ, Азаматтық процестік,
Қылмыстық процестік кодекстерде айқындалған нормаларды басшылыққа
алады. Бұған қоса олар жұмыстарын Сот кеңселері туралы ереже мен өзге де
нормативтік құқықтық актілерге сүйеніп жүзеге асырады.
Ең бастысы, хатшы қаралып жатқан iске қандай да бір мүдделiлік
танытпауы тиіс. Хатшы процесте заң талабына сай хаттама жүргiзіп, оның
дыбыс-бейне жазбаға тіркелуін қамтамасыз етеді. Хаттамаға көрсетілуге тиіс
мән-жайды дұрыс және толығымен енгізу, сонымен қатар, тиісті мерзімде
дайындап беру оның басты міндеттерінің бірі саналады. Егер сот
отырысының хаттамасына қандай да бір жалған мәлімет енгізсе, заңмен
көзделген жауапкершілікке тартылады. Хаттамада кеткен кемшілікке сот
отырысының хатшысы жеке өзі жауап беретіні заңмен нақтыланған.
Заманауи технологиялар жетістіктерін кеңінен пайдалануда соттар
барлық мемлекеттік органнан озық тұр десе болады. Олардың ішінде сот
отырысы залдарындағы дыбыс-бейне жазбаларды айрықша атаған жөн.
Құрылғылар сот хатшыларының жұмысын оңтайландырумен қатар,
процестің өту деңгейін де жоғарылатты. Әрі сотқа келушілердің мәдениетін
көтеруге ықпал етті. Мысалға мобильді қосымшаларды алсақ, олардың
көмегі тараптармен кері байланыс орнатуға мүмкіндік жасады. Бұлар өз
кезегінде жүйе жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін арттырды.
Бүгінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғай
алуына барлық жағдай жасалған.
Сот хатшылары әрбір сот отырысына тиянақты дайындалады. Процесс
онлайн түрде өтетін болса, сот залындағы қажетті құрылғылардың дұрыс
жұмыс істеп тұруы тексеріледі. Техникалық ақау анықталған жағдайда
арнайы маманды шақыртып, жөндетеді. Мұның өзі сот хатшыларының
процестің сапалы өтуі мен судьялар жұмысының тиімді ұйымдастырылуында
басты тұлға екенін көрсетеді. Сот хатшылары мемлекеттік және заңмен
қорғалатын құпияларды сақтауға міндетті. Осы себепті, олар өз міндеттеріне
әрдайым жауапкершілікпен қарап, қарым-қабылеттерін жетілдіруге көңіл
бөлулері тиіс.
Сот отырысында хатшы болу жастарға сот төрелігін жүзеге асырудың
қыр-сырын үйреніп, тәжірибелерін кәсіби тұрғыда шыңдауға мүмкіндік
береді. Судьялардың басым көпшілігі сот хатшыларының арасынан шығуы
сол білім-білік пен көп жылдық тәжірибенің нәтижесі.
Соттар қызметі мінсіз болғанда ғана беделдері артып, сенімге ие болады.
Сондықтан, жоғарыда айтқанымыздай, мінсіздік соттың әрбір қызметкеріне
міндет.
Рима Мандибаева,
Алмалы аудандық №2 сотының бас маманы-
сот отырысының хатшысы

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...

Жастар мәселесі жалтақтықты көтермейді

«Сот пен дәрігері жоқ жерде өмір сүрмеңіз» дейді халық...