«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының жеңімпаздары

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі Департаментінде қызмет атқарып жүрген пробация қызметінің қызметкері жанұясымен «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының жеңімпаздары атанды.

Әр жыл сайын өткізіліп отырған бұл конкурс бүгінде қоғамдағы жанұяларға үлгі болып келеді. Отбасының құндылығын көрсетіп, абыройын көтеріп, жастарымызға отбасы мен некенің маңыздылығын көрсетіп келеді.

Осындай үлгілі отбасылардың бірі Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай ауылының тұрғыны Әлімовтардың отбасы.

Отбасында 12 кыз бен ұл тәрбиелеп, олардан 28 немере, 19 шөбере сүйіп, шаттыққа бөленіп, берекелі бірлік пен татулықты биік еткен Әлімовтар отбасы облысқа танымал болды.

Осы әулеттің кіші қызы әділет капитаны Әлімова Аяжан Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің Өскемен қалалық пробация қызметінің аға инспекторы болып қызмет атқарады. 15 жылдан бері қызметін абыроймен атқарып келе жатқан Аяжан да өз отбасымен мақтанады. Ата анасынан жақсы тәрбие алып, өз өмірін Ішкі істер органдарына арнаған Аяжан бүгінде өзі екі ұл тәрбиелеп отыр.

Отбасы дәстүрлерін берік ұстанып, қадірлей біліу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, отағасын сыйлап, балаларымызға жақсы тәрбие беріп, болашаққа жол ашу өз қолымызда , — дейді әділет капитаны Аяжан Әлімова.

Байқаудың алғашқы кезеңінен өткен Әлімовтар отбасын бүгінде облыс әкімі құттықтап, диплом, бағалы сыйлықтар табыстады.

Алдағы уакытта облыстық кезеңге жол тартқан Әлімовтар отбасына сәттілік тілейміз.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...