Мемлекеттік қызмет көрсету

ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) бекітілді.

Өздеріңіз білетіндей,  еліміздің жаңа тарихи жағдайларда дамуын қамтамасыз ете­тін мемлекеттік қызмет жүйесін құруға ерекше назар аударып келеді.

Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне 02.11.2023 № 396 жарлығына сәйкес өзгеріс енгізіліп, мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну қажет. Енді мемлекеттік қызметшіге ойын-сауық кешеніне баруға тыйым салынды. Әр бір мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін үш күн мерзімде осы Кодекстің мәтінімен жазбаша нысанда таныстырылуға тиіс. Сонымен қатар, Кодекстің мәтінін мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерде орналастыруды қамтамасыз етілу қажет. Мемлекеттік қызметті атқаруда әр азамат адал, әділ, халықтың сенімін нығайтуға, парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету қажет.                                                                                                                                             

Мемлекеттік қызмет-бұл, ең алдымен, мемлекет саясатын жүзеге асыруға бағытталған кешенді қызмет, атқарушы билік органдары қызметшілерінің тәжірибелік қызметі. Мемлекеттік басқару аясы сан түрлі, олардың әрқайсысы нақты бір салаға жауап береді:  ауыл шаруашылығы, экономикалық даму, қаржы, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, қорғау және қорғаншылық, көлік, байланыс және коммуникация, т.б. Мемлекеттік қызметшілердің сәйкесінше кәсіби жоғары білімі болуы қажет, нақты салада еңбек тәжірибесі болса құба-құп, азаматтардың мүдделеріне және мемлекеттің ішкі, сыртқы саяси бағдарын ұстана отырып, ел басшылығының алға қойған мақсаттарының орындалуына атсалысуы керек.Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын бұзуы тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.-Мемлекеттік қызметшілер өздерінің күнделікті жұмысында қарапайымдылық, әділдік, адалдық, сатылмаушылық сияқты принциптерді ұстану керектігі басты орында тұрады. Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі мен сыбайлас жемқорлықтың бетін қайтаруы бірін-бірі толықтыратын фактор болып табылады. Сондықтан мемлекеттік органдардың осы бағытта жүйелі түрде жұмыс істеуі бүгінгі күннің талабы болмақ. Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеті — мемлекеттік қызметшілер тарапынан орын алатын құқықбұзушылықтардың алдын алу. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының президентінің  саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс. Сонымен қатар, мемлкеттік қызметшіге қойылатын талап ерекше.

Қорыта келе, мемлекеттік қызметші әдеп кодексінің стандарттарын сақтауға, талаптарын орындауға міндетті екенін ескеріп, қызметтерін абыроймен атқаратынына сенім білдіреміз.

Ақтөбе қаласының

әкімшілік құықық бұзушылықтар

жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық соты әкімшісінің басшысы

А.Урашева

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...