Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық мәселеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.
«Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта негізгі мінез-құлық қағидалары қарастырылған.
Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі елдің ертеңі соларға байланысты. Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау жөнінде қойылатын негізгі талаптар көзделеді. Бұл ретте, әдептік мінез-құлық шеңбері мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде бекітіліп, оның сақталуын бақылауды әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары:
- Адал ниеттілік-қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету.
- Адалдық-өз міндеттеріне шынайы көзқарас;
- Әділдік-жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау;
- Ашықтық-жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;
- Сыпайылық-азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау;
Мемлекеттік қызметшілер өздерінің күнделікті жұмысында қарапайымдылық, әділдік, адалдық сияқты принциптерді ұстану керектігі басты орында тұрады.
Қызылорда қалалық сотының
бас маман-сот отырысының хатшысы А.Туменбаева


