Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде

«Жас қыран» Мемлекеттік  қызметші мектебінің қатысушыларына арнап Департамент қызметкерлерімен «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидалары» атты тақырыпта семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында қатысушыларға қолданыстағы заңнаманың нормалары түсіндіріліп, Департаменттің құзіретін жүзеге асыру кезінде қолданылатын бизнес процесстерді практикада қолдану әдістері көрсетілді.

Естеріңізге салсақ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша  департаментімен Мемлекеттік басқару академиясы бірлесіп «Жас Қыран» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің жұмысын бастады.

Аталған жобаның мақсаты — мемлекеттік қызметке талантты жастарды тарту болып табылады. 

Оқыту аясында жас таланттар жобалық басқарудың негіздері және жобаны әзірлеу, оны қорғау, тиімді коммуникациялар, практикалық аналитика, стратегиялық менеджмент және көшбасшылық және т.б. дағдыларын меңгеріп, мемлекеттік басқару жүйесі, әдеп кодексі бойынша практикалық сабақтар өтіп, мемлекеттік қызмет саласындағы кейстерді талдайды деп жоспарлануда.

Оқыту курстары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының профессор-оқытушылар құрамын, практик мамандар — мемлекеттік қызметшілерді тарту арқылы жүргізіледі.

Оқыту 2024 жылдың 15-19 қаңтары аралығында өтеді. Сондай ақ, «Тұран» университетінің базасында 1 күндік көшпелі сабақ өткізілу жоспарлануда.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы қаласы бойынша департаментінің
Мемлекеттік қызмет саласындағы
бақылау басқармасының бас маманы 

А.А. Тасов

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...