12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Мемлекеттік тіл — еліміздің ертеңі»

«Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл. Анамыздың сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» –  деп қазақтың біртуар перзенті, жазушысы, даңқты батыр Бауыржан Момышұлы айтқандай, ұлт тілі – сол ұлттың қалыптасуы мен әрі қарай дамып, болашағы кемелдене беруінің басты қағидасы. Тілді ұмыту – мемлекеттің барлық құндылықтарынан, тарихынан ада болу. Қай ұлтта, қай елде болмасын ана тілі-қасиетті де құдіретті. Тіл — атадан балаға мирас болып қалатын өшпес мұра. Бізге мирас болған ана тіліміз-қазақ тілі.

Тіл – қашанда ұлттың ұйтқысы. Сөзі өз тілінде шыққан халықтың егемендігі баянды, тұғыры қашан да биік. Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы мен салмағы күн санап арта түсуде. Жас ұрпақтың тілі ана тілінде шығып, қазақ тілінде білім алуына, басқа да тілдерді жетік меңгеруіне толық мүмкіндік те бар. Қазақ тілі — әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, көркем тілдердің бірі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдіретті.

 Өз тіліне деген сүйіспеншілік пен құрмет бала кезден басталуы керек. Айналадағы адамдарға, өзінің өскен ортасына, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарастың бастауын да сол туған тілімізден аламыз. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының даму құралы.

Тіл тұтастығын жоғалтып алсақ оны қайта құрастырушы   халық. Қазақ тілі   жеке бір қазақ адамның тілі емес, барша мемлекеттің ортақ тілі.  Тілді біз ананың ақ сүтімен бесікте жатқан да ақ бойымызға сіңіреміз. Біз өз тіліміздің қаншалықты бай екендігін өзгелердің көзінше қиналмай-ақ жеткізе аламыз. Таза, мәнерлеп, сөздің майын тамыза сөйлеу арқылы сен өз тіліңді қандай дәрежеде құрметтейтініңді дәлелдей аласың. Тарихымыз, өткеніміз қаншалықты құнды болса, тіліміз де соншалықты құнды болмақ.

Тараз қаласының 

мамандандырылған тергеу соты Әкімшісінің

бас маман- сот отырысының хатшысы

Р.Н. Манапов

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...