12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тілдің мәртебесі бәрінен маңызды

Қазақстан Республикасының Жоғар­ғы Соты сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту мақсатында көптеген келелі жұмыстар атқаруда. Соның айғағы соңғы кездері салада қазақ тілінде қаралатын істердің саны айтарлықтай арта түскен.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін ұстаным еткен салада тіл мәртебесінің өсіп келе жатқаны байқалып отыр.

Ата заңымыздың 7-бабында «тайға таңба басқандай» етіп, мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп атап көрсетілген. Сондықтан да мемлекет өз тілін сақтап, оның қолдану өрісін кеңейту үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл — біздің ана тіліміз — Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. Дәл қазіргі таңда мемлекеттік тіл — мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі бола алып отыр. Қазіргі күні республика соттарында сот төрелігін жүзеге асырушы судьялардың басым бө­лігі қазақ тілін еркін мең­герген, сот төре­лігін мем­лекет­тік тілде сапа­лы жүзеге асы­ра алатын тұл­ғалар, егер де халық сотқа қазақ тілінде жүгінетін болса неме­се өкілетті органдар тергеуді мем­ле­кет­тік тілде жүргізсе, бар­лық өңірлерде сот істерін қазақ тілінде қарауға қауқарлы судьялар жеткілікті.

Жалпы Тәуелсіздік алғалы қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында мемлекет тарапынан нормативтік-құқықтық актілер, оны кешенді іске асыруға бағытталған бағдарламалар қабылданып, түрлі іс-шаралар атқарылуда. Алдағы уақытта да мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, тіл мәдиниетін одан әрі арттыру үшін жұмыстар жасала бермек.

К. М. Мекемтас, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы

Сот шешімінің орындалуы

Заңды күшіне енген соттың шешімі міндетті түрде орындалуы тиіс....

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың айнасы, рухтың тірегі, елдіктің ең асыл...

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл....

Судьяға деген құрмет кемімеуі керек

Тәуелсіздік алған сәттен бері елімізде заңнамаларды жетілдіру, сот саласын...

Конституция – мемлекеттің тірегі

Әр мемлекеттің сүйенері – Конституция. Елдегі барлық заңдардың, құқықтық...