Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі. Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Қазақстанның тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды.
Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілді. Биыл осы рәміздерге 30 жыл толды. Осылайша, Астана қаласы ҚАЖД № 3 мекемесі де мемелкеттік мерекені атап өтті. Қазақстан Республиксының әнұраны шырқалды. Мекеме бастығының режим және жедел жұмыстары бойынша орынбасары әділет майоры Б.Амангельдиевке құттықтау сөз берілді.