12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік баж – әкімшілік талап қоюдың міндетті атрибуты

​​Елімізде әкімшілік соттар 2021 жылдың 1- шілдесінен жұмыс істеп келеді. Жыл сайын сотқа түсетін талап қоюлар саны арта түсуде.

​Дегенмен, әкімшілік талап қоюды рәсімдеуде, оны сотқа жолдау барысында талап қоюшылар, олардың өкілдері тарапынан назар аударарлық қателіктер әлі де жіберілуде.

​Осы қателіктердің алдын алу мақсатында Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты (бұдан әрі — МАӘС) түсіндірме жұмыстарын жалғастырады.

​Сонымен, әкімшілік сотта қаралатын әкімшілік талап қоюдың түрлері – дау келтіру, мәжбүрлеу, әрекет жасау және тану туралы.

​Әкімшілік талап қою рәсімдеуге, оның нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар ӘРПК-нің 131- бабымен белгіленген.

​Соның ішінде, бүгінгі назар аударатын тақырыбымыз — әкімшілік талап қоюларға қоса тіркелуге жататын мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат. ​Мемлекеттiк баж дегеніміз уәкiлетті мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар әрекеттер жасағаны үшiн алынатын, бюджетке төленетін төлем болып табылады.

​Соттарда әкімшілік талап қоюлар бойынша төленетін мемлекеттік баж мөлшерлері Салық кодексінің 610- бабының 1- тармағының 2), 3), 4) және 8) тармақшаларында белгіленген.
​Мемлекеттік баж мөлшері айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі — АЕК) тікелей байланысты.
​Ағымдағы 2024 жылға бекітілген 1 АЕК мөлшері – 3692 теңге.

​Таратып айтсақ, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жеке тұлғалардың әкімшілік талап қоюлар бойынша — 0,3 АЕК, яғни осы санаттағы әр талап қою бойынша 1 107, 6 теңге мемлекеттік баж төлену керек;
​- мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне талап қоюлар бойынша – 5 АЕК, яғни 18 460 теңге;
​-тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға және (немесе) деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламаларға дау айту туралы әкімшілік талап қоюлардан:
​дара кәсiпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 пайызы, бірақ 500 АЕК-тен аспайтын мөлшерде;
​заңды тұлғалар үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 1 пайызы, бірақ 20 мың АЕК-тен аспайтын мөлшерде;
​- осы аталған баптың 1 тармағы 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің шеңберінде ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу істері бойынша арыздардан (шағымдардан), әкімшілік талап қоюлардан (мысалы, «Азаматтарға арналған үкімет» МК әрекеттері мен шешімдеріне талап қою) – 0,5 АЕК, яғни 1 846 теңге мөлшерінде төленуге жатады.

​Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 104- бабының 14) тармағына сай бірнеше дербес талаптардан тұратын талап қою берілген жағдайда, мемлекеттік баж төлемінің мөлшері барлық талаптардың жалпы сомасымен айқындалады.

​Мемлекеттік баж істі қарайтын сот орналасқан ауданның (қаланың) салық органы арқылы жергілікті бюджетке, 108126 БСК (бюджеттік сыныптама коды) көрсетіле отырып, төлеуді ескеру қажет.

​Қорыта келгенде, әрбір талап қою бойынша мемлекеттік бажды қатесіз, заңда көрсетілген тәртіпте және мөлшерде төлеу маңызды, себебі ол сотта талап қоюды мәні бойынша қаралуының міндетті атрибуты болып табылады.

​Шымкент қаласының МАӘС судьясы Умбетова Т.

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...