2023 жылғы мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев өз жолдауында мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жұмыстарын жүргізуді жалғастуру туралы атап өткен.
Жалпы, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жұмыстары мониторинг пен талдау түрінде жүргізіледі. Сонымен бірге, мониторинг және талдау жүргізу барысында объективтілік, жан-жақтылық, анықтық және жеткіліктілік қағидаттарын басшылыққа алу қажет.
Мониторинг пен талдау жүргізудің ерекшеліктері:
- Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша
мониторинг мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына бармай-ақ, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің мәліметтеріне не жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат пен ресурстарға қашықтықтан қол жеткізу арқылы үздіксіз негізде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша талдау мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың санаулы тобына қатысты жүзеге асырылады.
Сонымен бірге, объективтілік қағидаты талдамалық жұмысты жүргізу кезінде үшінші тұлғалардың көзқарастары мен пікірлерінен тәуелсіз және бейтарап, кез-келген жағымсыздықты болдырмайтын ақпарат пайдаланылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың функциялар және ұйымдастырушылық құрылымдар және персоналды басқару бойынша мониторинг, бұдан бөлек жер ресурстары және экология салалары бойынша талдау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар аясында Департаментпен фокус топтарының отырыстары ұйымдастырылып, шараға мемлекеттік қызметшілермен қатар қоғам белсенділері қатысты.
Автор: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Мемлеккеттік қызметтер басқармасының бас маманы –
Қалқабаева А.С.


