Мектеп оқушыларына «кортеж» ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Оқу жылының аяқталуына орай мектепті бітіріп жатқан түлектердің «кортеж» ұйымдастыру жайттары толастар емес. Осындай кезекті құқық бұзушылық Төлеби ауданында орын алды.
Нақтырақ айтсақ, аудан көлемінде полицейлермен «Бір ай жол-көлік оқиғасыз» акциясы өткізілуде. Осындай кезекті жұмыс кезінде төлебилік тәртіп сақшылары автокөлік басқару кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін сақтамай, тасымалдау ережелерін бұзуға жол берген жүргізушілерді анықтады.
Яғни «Tоyota Alphard», «Tоyota Land cruzer 200», «Tоyota Camry», «Mersedes Benz», «Chevrolet Cruze», «Ваз-21099» автокөліктері анықталды. Олардың жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша 4, 593-бабы 1-бөлігімен 7, 595-бабы 1-бөлігімен 3 әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер айыптұраққа қойылды. Бұл бағытта жұмыстар жандандырылуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

            Жеке ұйғарымның орындалуы  

            Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдылықты нығайту мен құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды құралдарының бірі — соттың жеке ұйғарымы. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің...

От учебной аудитории к AI-трансформации: как студенты Нархоз проектируют цифровое будущее

Искусственный интеллект меняет не только технологии, но и подходы...

Дала қоңырауы – ұлт ұстазы!

Қазақ даласында білім мен ғылымның шамшырағын жағып, ұрпақ санасына...

Апостиль рәсімінің құқықтық негіздері:халықаралық стандарттар және ұлттық заңнама

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелге оқуға түсуі, жұмысқа орналасуы, неке...