Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты “Күзет бөлімі” мекемесі жыл сайынғы дәстүрге айналған “Мектепке жол” атты іс-шарасын өткізді.
Жаңа оқу жылы қарсаныңда, мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары мекеменің көп балалы қызметкерінің балаларына жеке құрамның атынан балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формаларын табыстап, балаларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.


