Жыл сайын аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету мақсатында «Мектепке жол» акциясы өткізіледі.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №57 мекеменің ұжымы көп балалы, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасы балаларын мектепке керек кеңсе жабдықтармен, мектеп формасы және спортқа арналған киімдермен толық қамтамасыз етті.


