12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мейрамбек ИБРАШЕВ, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы: «АЛҚАБИЛЕР ҚАТЫСАТЫН ІСТЕРДІҢ АРТУЫ — ОҢ ӨЗГЕРІС»

– Мейрамбек Шамауұлы, бүгінгі әңгімемізді елде жеке институт ретінде қалыптаса бастаған алқабилер институты төңірегінде өрбітсек. Осы мәселенің мәні мен маңызына тоқтала отырсаңыз?

– Сот жүйесіндегі заманауи өзгерістер мен тәжірибелер сала өркендеуінің бірден-бір кепілі. Әсіресе, алқабилер соты бұл бағыттағы жаңашыл идея екені даусыз. Елімізде 2007 жылдан бері қолданысқа енгізілген алқабилер сотына қатысты санаттың көбейіп, ауқымы ұлғая бастады. Сот процесіндегі әділдік пен ашықтық үнемі жаңаруды қажет етеді. Алқабилер сотын енгізудегі басымдық та осы ұстанымдарға сай келетіндей. Бұл замана талабынан туған қажетті процесс болды деуге негіз бар. Сот жүйесіндегі басымдық – әділдікте. Барлық бастамалардан күтілетін нәтиженің де осы бағытта дамитыны сөзсіз. Сондықтан алқабилер соты туралы айтқан кезде оның әділдік орнатуға қосар үлесіне ерекше назар аударған жөн. Олай дейтініміз, алқабилер соты сот шешімінің әділ өтуіне ықпалын тигізіп, сот ісіне қатысушылар құқығын қорғауға негіз болады. Оған қоса бұл жүйенің халықаралық стандартқа жақын әрі сотқа деген елдің күмәнді көзқарасын өзгертуге, сот жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Тіпті, жүйені жетілдіру үшін «Алқабилер» туралы арнайы заң да қабылданғанын білеміз.

– Аймақта алқабилер қараған істер көп пе?

– Республиканың барлық аймақтарындағыдай біздің өңірімізде де алқабилер соты тұрақты өтеді. Қоғамның құқықтық сауаты артқан сайын алқабилер сотының тиімділігі мен артықшылығы алдыңғы қатарға шығуда. Бұл жерде Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қаралған қылмыстық істер жөніндегі мына мәліметтерді ұсынуға болады. Статистикаға сүйенсек, 2010 жылдан 2022 жылға дейін осы бағытта 33 іс қаралған. – Алқабилер қатысатын істің ұсынылу реті қалай жүзеге асады? – Оны ұсыну тәртібіне келетін болсақ, бұл жерде судья алдын ала тыңдауды сотталушылар мен қорғаушыларды қатыстыра отырып, жеке-дара өткiзедi. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат мәлімделіп, сотталушы бұл құқықты пайдалана алады. Сотталушының ауызша өтінішхаты сот отырысының хаттамасына енгізіледі, жазбаша өтінішхат іске қоса тігіледі. Сотталушының істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішх атынан бас тартуы, сондайақ, оның осындай өтінішхатты мәлімдегісі келмейтіні сот отырысының хаттамасында, не іске қоса тігілетін сотталушының жазбаша өтінішхатында көрсетілуі тиіс. Осылайша, өтінішхат мақұлданса, судья сот отырысын тағайындау ту­ ралы қаулыда iстi алқабилер қатысатын соттың қарайтынын, алқабиге үміткерлердің санын анықтайды. Айта кетерлігі, алқабилер саны 25 адамнан кем болмауы қажет. Істi алқабилер қатысатын соттың қарауына тағайындау жүргізілгеннен кейін алқабиге iрiктеу жүргізіледі. Кейін олардың сот отырысына келуiн міндеттейді. Себебі, хабарлама алған азаматтар алқабилердi iрiктеу рәсiмiне қатысу үшiн сотқа келуге тиіс.

– Бұл тәсілдің қандай артықшылығы мен кемшілігін ерекше атар едіңіз?

– Жүйе кемшіліксіз емес, әрине. Бұл жердегі басты кемшіліктің бірі – алқаби мүшелерінің кейбірі сот процесіне келуге құлық танытпауы. Себебі де түсінікті. Қарапайым адам болған соң жұмыс, жеке шаруадан босай алмауы мүмкін. Яғни, алқаби болған дәрігер, мұғалім секілді кез келген маман иесі өз жұмысының уақытын реттей алмауы ықтимал. Сондықтан алқабилердің толық жиналмауына байланысты сот процесі кейде ұзаққа созылып кетеді. Саладағы олқылықтың бірі деп осыны айтса болатындай. Дегенмен, уақыт талабына сай өзгеріс енгізіп отыру өзінің оң нәтижесін де беретіні анық. Ол сәтті жұмысқа жетелейді. Алқабилер сотында мынадай өзгеріс орын алды. ҚР-ның 2019 жылғы №292-VI заңына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелері 2023 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Нәтижесінде, алақабилердің қатысуымен қаралатын істердің саны артты. Атап айтқанда, төтенше ахуал жағдайларында, жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру, бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс істері алқабилер сотының құзыретіне кіреді. Сондай-ақ, мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы, террористік және экстремистік қылмыстар, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар мен аса ауыр қылмыстық істер де алқабилердің қатысуымен қаралады. Бұған дейін алқабилердің қатысуымен қаралатын істер 14 санат болса, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 32 санатты құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 18 санатқа көбейген. Бұл – оң өзгеріске бастайтын қадам.

– Сұхбатыңызға рақмет. Істеріңіз жемісті болсын.

Ш. ҚАРАЕВА, «Заң газеті»

Қазақстандағы су тасқыны: Атырау мен ШҚО-дағы жағдай қандай?

Шығыс Қазақстан облысында жаңбырдың көп жаууына байланысты елді мекендерге су тасқыны қаупі төнді.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӘСЕКЕДЕ МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТТЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Жеріміз пайдалы қазбаларға толы деп мақтанамыз. Алайда, осы байлық толыққанды ел игілігіне айналмай отыр. Оның бір себебі пайдалы қазбаларды жер қойнынан алып шығудың қиындығында. Осының салдарынан құрамында минералды шикізат бар тау жыныстарының белгілі бір бөлігі басқа елдерден әкелінеді.

Астанада жылу қайта қосыла ма? Қала әкімі жауабы

Астанада жылу беру маусымы аяқталды, бірақ күн қайта суытып, 1 мамырда қар жауды.

Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті: зардап шеккендер саны көбейді

Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті. Қайғылы оқиғадан кейін зардап шеккендер саны артты.

Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 3 мамырда елдің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.