12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медицина кәсібі- адамгершіліктің асылы

Денсаулық — адам баласы үшін баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Осы орайда, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Мақсұт Өтетлеуов мекемеде қызмет атқаратын медбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Әр адам өз өмір жолында  ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Бұның бәрін медицина қызметкерлері ғана бере алады. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үмітімізді жалғап сыздаған балтырымызды тоқтатады. Мансаптың да, қызметтiң де, атақтың да, байлықтың да медицина қызметкерлері үшiн құны көктиын. Олар үшін ең қажетi — адамның денсаулығы, оның тағдыры. Үмiтке үмiт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын да осы ақ халатты абзал жандар. Осындай бiлiм мен мейiрiмдiлiктi ұштастыра бiлген мекеменің медбикелерін төл мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына бірлік, береке тілеймін» — деді №60 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Мақсұт Өтетлеуов.

Адина Жомартқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Қазақстандағы гендерлік теңдік

Еліміздің Тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап гендерлік теңдік мәселесі мемлекеттік...

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі

      Апостиль – бұл құжаттың түпнұсқалығын және оны берген мемлекеттік...

Кассациялық соттардың құрылуы мен қызметі

            2024 жылғы 5 шілдедегі №109-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының...

В Казахстане убрано более 12 миллионов гектаров пшеницы

Уборка урожая в стране проводится в соответствии с установленным...

Аумағы 12 млн гектардан асатын бидай алқаптары жиналды

Елімізде егін жинау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Шаруалар техника,...