12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медициналық қызметтің үздік үштігіне кіретін ел қазақстандықтарға бетбұруда

Медициналық қызмет көрсету бойынша Newsweek журналының 2023 жылғы үздік  ауруханалар рейтингі жарияланды. Онда озық 250-ге кірген аруханалар саны жағынан АҚШ, Германия, Корея алдыңғы орында  тұр.  Азия құрлығында көшбасшы боп тұрған бұл елдегі үздік 250-ге кірген 18 аурухасының 13-і Сеулде орналасқан.

Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай Алматыда  тұңғыш рет Сеул қаласының туристік және медициналық мүмкіндіктерінін таныстырылымы өтті. Өйткені Қазақстаннан келген туристер арасында Сеулдің танымалдығы жыл сайын артып келеді. Корея астанасының тарих пен инновацияны үйлестірген бірегей ерекшелігінен бөлек, бұл қала сонымен бірге сауда және гастрономия орталығы ретінде де танымал. Сондай-ақ, қазақстандықтар Сеулге жасайтын сапарын демалыспен және ем алумен ұштастырғанды жөн көреді. Бұған  Корея астанасы өзінің медициналық сервисімен Азия ғана емес, әлемде де әйгілі болуы өз ықпалын тигізіп отыр. Мәселен,  STO мәліметтері бойынша, медициналық қызмет алу мақсатында Орталық Азиядан Сеулге келетін келген туристердің 63 пайызы қазақстандықтар. Сондықтан бұл шараға Сеулден 12 компания қатысты. Олардың біреуі қонақ үй, екеуі ойын-сауық және сауда компаниялары, үшеуі туроператор,  үұшеуі медициналық орталық, төртеуі медициналық мекеме. 

Іс-шара екі бөлімнен тұрды. Біріншісінде – «B2B Travel Mart» көрмесі өтті, онда Сеулдің жаңа туристік өнімдері мен медициналық ресурстары ұсынылды. Екінші бөлім Оңтүстік Корея астанасының тартымды туристік инфрақұрылымының таныстырылымына арналып, қазақстандықтарға Сеулдің бірегей, ерекше тұстары көрсетілді. Қазақстандық туризм өкілдері медициналық бағдарламаларға, сондай-ақ сауықтыру мен жасарту рәсімдеріне айрықша назар аударды.

Сеул қаласының туризм бойынша ұйымының бас директоры Киль Ки Ён: «Бұл іс-шарада біз қазақстандықтардың Сеулге, әсіресе медициналық қызметке деген үлкен қызығушылығын көрдік.  Сіздерге таныстырып отырған 13  мекеме де  Сеул медициналық туризм альянсының мүшелері.  Біз, өз тарапымыздан, Сеулге медициналық мақсатпен келетін шетелдік туристерді қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткіміз келеді. Мысалы, биыл біздің ұйым медициналық туризм бағыты бойынша 99 ресми аудармашы-үйлестірушілердің біліктілігін арттыру шарасын өткізеді. Сонымен қатар, Корей университетінің Анам ауруханасына және Қазақстандағы Қазақ онкология және радиология институтына болашақта Сеул мен Қазақстан арасында медициналық туризмнің белсенді алмасуына үміт арта отырып, демеушілік жасады. Ынтымақтастық медициналық және туристік желілер алмасу сияқты мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізіндегі медициналық туризмді қолдауды қамтиды», – деді. Оның айтуынша, 12 шілдеде – Kyung Hee University Korean Medicine Hospital, Seoul National University Dental Hospital және Soon Chun Hyang University Hospital Seoul ауруханаларынан шығыс медицинасы, стоматология және жеңіл аурулармен ауыратын науқастарды медициналық тексеру бағыттары бойынша консультациялар өткізілді. 3 шілдеде Корея мемлекеттік университеті госпиталінің дәрігерлері COVID-19 салдарлары мен асқазан-ішек жолдарының онкологиялық ауруларын қоса алғанда, ауыр аурулармен ауыратын науқастарға кеңес берді.

Корея денсаулық сақтау индустриясының дамыту институтының мәліметіне қарағанда, Кореяның медициналық қызметін пайдаланған шетелдіктердің 59 пайызы Сеулге келеді екен. Мысалы 2009-2022 жылдары әлемнің-түкпірінен келген 3,2 млн адам Кореяның медициалық қызметінің иглігін көрген. Оның 248,1 мыңы 2022 жылы барған. Олардың 146,3 мыңы бұл қызметті Сеулден алған. Ал  ел астасына келген қазақстандық пациентер саны 2009-2022 жылдары 160 пайызға өскен. Осы арада 2019 жылы Кореяға ем алуға барған отандастармыздың 66701-і жалпы терапия, 4261-і тексеру орталықтапры, 1402-сі акушерлік және гинекология, 1155-і жалпы хирургия, 1156-сы дерматология бойынша қызмет алғанын айта кеткен артық болмас.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ «Заң газеті»

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...