«Медиация туралы» заң медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, медиатордың мәртебесін айқындайды. Бұл заңның басты мақсаты екі жақты ортақ мәмілеге келтіру. Медиация кезінде екі жақ та ризашылықпен тарасады. Талап қоюшы талаптан бас тартып, жауапкермен медиация екі жақтың келісімге келуіне байланысты арызы сот хаттамасымен жазылып, іске тігіледі. Судья тараптарға алдағы уақытта олардың сотқа, осы мәселе туралы дау бойынша және осы негіздермен қайтадан жүгінуге жол берілмейтінін ескертіп, түсіндіреді. Медиация жүргізуге байланысты тараптардан арыз түскенде ол аяқталғанша судья 30 күнтізбелік мерзімге істі тоқтатады. Содан кейін тәртіп бойынша судья екі жақтың келісімге келуі жөнінде анықтама шығарады. Медиация барысында медиатор екі жаққа да медиацияның рөлі және оның құқықтық әсерлері жөнінде толық мәлімет беруі қажет. Бұл ретте екі жақтың да құқығы бірдей екенін және олардың бір-біріне сыйластықпен қарауы керектігін ұғындырған маңызды.
Қазіргі таңда сот ғимаратының күтуі залдарында медиацияны жарнамалаған банерлер орнатылып, жеткілікті ақпарат көрсетілген. Бүгінгі таңда медиацияның қолдану аясы кеңейе түсуде.
Жалпақ тілмен айтқанда заңнама аясындағы бітімгершілік болып табылады. Бабаларымыз «Елдестірмек елшіден» деумен шектелмей құн дауын да нақтылап қойған. Түптеп келгенде көне дәстүрді жаңғырта отырып, уақыт талабына сәйкес келетіндерін біртіндеп өмірге енгізіп қажеттілікті өтеу.
Д.Сатыбалдинова,
Алакөл ауданының №2 аудандық сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы