12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиация – тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Медиацияға жүгінсе, дауласушы тараптардың бірінікі дұрыс, екіншісі бұрыс деместен, дауды шешудің екі жаққа да оңтайлы тиімді жолы қарастырылып, сол арқылы екі жақтың да мүддесін қамтитын шешім табылады.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Ертеде​ қазақ халқы «бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» деп, қандай дауды болмасын сабырлықпен, көптің қатысуымен, елдің төрелік етуімен, билердің билік құруымен шешіп отырған. Бітім, құн беру, келісімге келу, ағайыншылық жолдарымен талай күрделі мәселенің күрмеуі шешілген. Билер алқасы арқылы дау-дамай, жанжал ғана емес, азаматтық, елдік, рулық мәні бар мәселелер де кең көлемде жауабын тауып отырды.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Әрдайым қара қылды қақ жарған әділдікті берік сақтаған халқымыздың ежелден ұстанымы осындай болды. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген мақал да халықтың тәжірибесінен алынған.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ары қарай-ӘРПК) 120-121-баптарында​ бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларда татуластыру рәсімдерін жүргізу тәртіптері қарастырылған. Бұл рәсімдер әкімшілік істер бойынша да сот төрелігін жүзеге асыру барысында татуласу рәсімдерін кеңінен қолдану​ мақсатында енгізіліп отыр.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Сот (судья) тараптардың татуласуы үшін шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бір ескере кететін жағдай, әкімшілік істер бойынша жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде ғана тараптардың татуласуына жол беріледі.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Дауды медиация және партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу сотта осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

​ ​ ​ ​ ​ ​ Сот тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішхатын сот отырысында немесе алдын ала тыңдауда қарайды.

​ ​ ​ ​ ​ ​ Татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша сот осындай келісімді бекіту не одан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Сот тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіткен кезде сот талап қоюды толығымен немесе тиісті бір бөлігінде қайтару туралы ұйғарым шығарады.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Ерікті түрде орындалмаған татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім сот келісім жасаған адамның өтінішхаты бойынша берілетін атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бұдан бөлек, ӘРПК-нің 127-бабының 5-бөлігіне сәйкес, әкімшілік істер бойынша соттың тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіту туралы ұйғарымын орындамағаны үшін сот осы сот актісінде ол бір айдан аспайтын мерзім ішінде орындалуға жататын мерзімді көрсете отырып, жауапкерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолданады.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Егер тараптар татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізбесе немесе сот келісімнің шарттарын бекітпесе, әкімшілік істі талқылау жалпы тәртіппен жүргізіледі.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бірінші сатыдағы сотта медиация жүргізу үшін әкімшілік іс медиация туралы келісімді бекітетін басқа судьяға беріледі.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны әкімшілік іс өзінің іс жүргізуіндегі судья жүргізуі мүмкін.

​ ​ ​ ​ ​ ​ Апелляциялық сатыдағы сотта медиация жүргізу үшін әкімшілік іс, әдетте, соттың алқалы құрамын судьялардың біріне беріледі.
Кассациялық сатыдағы сотта дауды (жанжалды) медиативті келісім жасасу арқылы реттеу туралы өтінішхатпен бір мезгілде тараптар аталған келісімді ұсынуға тиіс.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Медиация жүргізетін судья медиация жүргізілетін күнді тағайындайды және тараптарға оның өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды.

​ ​ ​ ​ ​ ​ Егер басқа адамдардың қатысуы дауды (жанжалды) реттеуге ықпал ететін болса, сот оларды медиацияға шақыруға құқылы.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Медиация жүргізу хаттамасы сотта жүргізілмейді.

Ш​ымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық

әкімшілік соты әкімшісінің бас маманы Ж.И.Джаманкулова

Дені саудың — жаны сау!

    БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы қабылдаған Тұрақты даму...

ҚазҰУ Заң факультеті: Қазақстандағы құқықтық білімнің флагманы

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультеті Қазақстанның ең...

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...