Медиацияға жүгінушілер саны артып келеді

Медиация шетелдің озық тәжірибесі ретінде айтылып жүрген жаңа жүйе болғанымен мақсаты, мүддесі өзіміздің ертеден келе жатқан бітімге келу, араздасқанды татуластыру дәстүріміз екені белгілі. Ағайын арасындағы дауды татулықпен шешу, түрлі кикілжіңдерді бейбіт жолмен реттеу біздің би бабаларымыздан қалған тамаша үрдіс.

Қазақ тарихында бұрыннан бар құндылықты жаңғыртып «Медиация туралы» заңның тәжірибеде қолданылып келе жатқанына он жылдан астам уақыт болыпты. Осы уақыт аралығында медиация институты үлкен даму баспалдағынан өтті. Әрі бұл ілгерілеудің бастауында сот саласы тұрғанын ерекше атап өткен жөн. Медиация осы он жыл ішінде барынша жаңғыртылып, уақыт ағымына сай бейімделіп, жетілдіріле түсті. Сот саласынан бастау алған медиация жүйесі Ассамблеяның Достық үйлерінде де енгізіліп, ел ішіндегі шекісіп қалғандарды медиация арқылы татуластыра бастады. Мұның барлығы елімізде медиацияның тынысы ашылып келе жатқанын аңғартады. Жалғыз Ассамблея ғана емес сот саласы әкімдік, кәсіпкерлер палатасы, кәсіподақ ұйымы өкілдерімен меморандум жасауға бастамашы болып, екі жақты келісімнің нәтижесінде әр өңірде ардагерлер алқасының, Билер кеңесінің құрылуына, мықты медиаторлар шоғырының қалыптасуына ықпал етті.

Медиацияның не екенін, медиаторлардың немен айналысатынын жетік білмей тұрған азаматтарды жаңа институттың маңызына сендіру, артықшылығына көзін жеткізу оңай болған жоқ. Ол үшін ең алдымен ақпараттық, насихат жұмыстары қолға алынды. Медиаторлар дайындала бастады. Елге сөзін өткізе алатын, тараптарды татуластыруға ықпалы, қабылеті бар жандарды медиаторлыққа тартып, олардың танылуы үшін сот ғимаратынан арнайы бөлме, бұрыштардың берілгеніне де жұртшылық куә. Осының бәрі өз кезегінде медиация ұғымының халық санасында біртіндеп орнығуына себепші болды. Бүгінде елімізде медиация жүйесін қолданатындар саны жыл санап ертып келеді. Демек жүйе еліміздің сот жүйесінде ғана емес көптеген салаларда өз орнын тапты деп айта аламыз.

Алмабекова Кулмира Абиловна, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...