Маңғыстауда 7 миллиард теңгенің «алтын учаскелері» мемлекетке қайтарылды

Маңғыстауда 7 миллиард теңгеге жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша биыл мемлекетке құны 7 миллиард теңгеден асатын, жалпы ауданы 81 мың гектар 94 жер учаскелері, оның ішінде «Алтын учаскелер» деп аталатын жерлер қайтарылды.

«Мысалы, жағалау аймақтарында 2004 жылдан бері игерілмеген 2,6 миллиард теңге болатын 255,5 гектар 6 жер телімдері қайтарылды. Сондай-ақ, прокурорлар жер заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтарған. Атап айтқанда, құны 1 миллиард теңге «OilRealEstate» ЖШС тиесілі 225 гектар жер телімі мемлекетке берілген», — делінген хабарламада.

Жекелеген аудандарда шамамен 60 жуық ауылшаруашылық жерлер мал басы санының жайылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормаларына сәйкес келмеу себебінен толық көлемде пайдаланылмаған (20 пайыздан — дан аз).

«Жауапты тұлғалармен учаскелерді уақтылы түгендемеуі өңірдегі жер ресурстарын ұтымсыз және тиімсіз пайдалануына әкелді. Қадағалау актілерімен кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды», — делінген хабарламада.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...