Мақтаарал ауданында ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылымы жақсарған

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінде Түркістан облысы ПД Штаб басқармасының бастығы полиция полковнигі С.Сейітханның қатысуымен, 2023 жылдың 3 ай көлемінде атқарған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша жиын өтті.

Жыл басынан бері аудан полицейлерімен Ел Президенті мен Үкіметінің, ІІМ-нің, Түркістан облысы ПД мен жергілікті Үкімет органдарының нұсқаулық құжаттарын орындауға ерекше назар аударылып келеді. Осы бағытта жүзеге асырылған шаралар нәтижесінде жалпы ауыр және аса ауыр қылмыстардың тіркелімі 54,8%-ға төмендеген. Ал ашылымы 92,3%-ға жақсарған. Алаяқтық қылмысының тіркелуі 14,7%-ға төмендеп, ашылымы 85,7%-ға жақсарған. Есептік жиында Мақтаарал аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Қасымхан Сатыбалдиев баяндама жасап: «Біздің полицейлермен қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі рейдтік-профилактикалық шаралар атқарылуда. Мәселен жыл басынан бері аудан аумағында экстремистік бағыт бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары жүргізіліп, есепте тұратын 57 деструктивті діни ағым ұстанушыларына қатысты 8 әкімшілік хаттама толтырылды. 3 айда 2452 әкімшілік құқық бұзушылыққа хаттама толтырылып, өндірілу пайызы 51,5-ті құрады.

Сонымен қатар Мақтаарал ауданы әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ құрылып, жарғысы, жоспары бекітіліп, жұмыс жүргізілуде»-деп атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...