Майқайыңдағы қайғылы жағдай: құтқарушының әйелі іздестіру жұмыстарын жалғастыруды сұрайды

Майқайыңда шұңқырға құлаған автобуспен бірге табылмай жатқан құтқарушы Айдос Шаймерденнің әйелі әлеуметтік желі арқылы тағы да үндеу жолдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нұрсұлу Шаймерденнің айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілген бір ай ішінде «Майқайыңалтын» кәсіпорнының білікті мамандары тартылмаған. Олар жер жағдайын жақсы білер еді, дейді. Тек, жеке меншік құтқару қызметтеріне жүгінген. Ол осы уақытқа дейін тек автобусты іздегендеріне қайран қалып отыр.

«Бәлкім алғашқы күні денесі табылған екі құтқарушы секілді мына екеуінің де денесі шұңқырдың бір бұрышында топырақ астында жатқан шығар. Біз солай екеніне сенімдіміз. Темір-терсек автобусты іздеп қайтеді. Одан да адамдарды іздесін. Әлбетте, іздестіру кезінде басқа құтқарушыларға төнген қауіптің бар екенін түсінеміз. Алайда, осылай орта жолдан қалдыру адамгершілікке жатпайды ғой. Жұмыстарды тоқтатуға болмайды. Барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жалғастыру қажет деп есептеймін», — деп күйінеді құтқаршының әйелі.

Айдос Шаймерденнің жары өзінің және туыс-туғандарының атынан жедел штабқа бірнеше талап қойып отыр.

«Біріншіден, екі адамды іздестіру жұмыстарын тоқтатпасын. Екіншіден, автобус құлаған тұстан жоғалғандардың денесі жатуы мүмкін жерлерді тексерсін. Үшінші, кинологиялық қызметті қайтадан тартсын. Төртіншіден, еліміздің басқа аймақтарынан немесе Ресей елінен тәжірибелі мамандарды алдыртсын», — дейді.

Нұрсұлу Шаймерден, жолдасы мен автобус жүргізушісі жоғалғалы жергілікті биліктен ешкім келіп қал жағдайларын сұрамағанына қынжылады.

«Бүгінгі таңда бір айдан артық уақыт өтсе де күйеуімнің жұмыс жерінен ешкім келмеді. Не облыс әкімі, тіпті жергілікті биліктен бір адам келіп, біздің, балалардың жағдайын біліп жай күйін сұрамады. Дәл қазіргі жағдайда біз жан жұбатарлық жылы сөздерге зәруміз», — дейді Нұрсұлу.

Естеріңізге сала кетсек, шұңқыр түбінен ойық табылған соң іздестіруді жүргізіп жатқан құтқарушылардың өміріне қауіп төнеді деген желеумен Майқайыңдағы құтқару жұмыстары тоқтатылған. Әйтсе де, комиссияның түбегейлі қорытындысы әлі жарияланған жоқ.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.